- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы 10 маңғыстаулық ауылға су жүйесі тартылады
2016 жылы 10 маңғыстаулық ауылға су жүйесі тартылады
Әкім айтып өткендей, ауданға қарасты 12 селолық округ болса, соның қазіргі уақытта 10 селосына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су жүйесі тартылған.Тұщыбек селосындағы селоішілік су құбыры, сұйыққойма, су тазалағыш қондырғы және есептеу аспабы қондырғысының құрылысы бойынша 2015 жылы 74,8 млн.теңге, 2016 жылы 176,2 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге, осы жылы Жыңғылды мен Жармыш ауылдарында кентішілік су құбырын салу және қайта құрылымдау жұмыстары аяқталып, «Шетпе селосындағы кәріз жүйелері құрылысының» барлық кезеңі бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды.
Маңғыстау ауданының аумағында 272 шақырым республикалық дәрежедегі автокөлік жолы, 242,6 шақырым облыстық дәрежедегі және 298,6 шақырым аудандық дәрежедегі автокөлік жолдары бар.
2014 жылы құрылыс жұмыстары басталған «Шетпе-Жетібай-Ақтау» бағытындағы республикалық дәрежедегі автокөлік жолының жұмысы осы жылы аяқталады.
Сондай-ақ, Шетпе-Таушық аралығындағы облыстық дәрежедегі орташа жөндеу жұмысына 2016 жылы 100 млн. теңге қаржы бөлініп, 12 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.Шетпе-Қызан автомобиль жолын асфальттау жұмыстарына 2016 жылы 936 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмысы толықтай аяқталып, 28 шақырым жол пайдалануға берілді.
«Қазіргі таңда «Шетпе-Ұштаған» және «Тұщықұдық-Шебір» автокөлік жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сараптама қорытындылары алынған. «Тұщықұдық-Шебір» автокөлік жолын орташа жөндеу жұмысы осы жылы басталады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала аймағы» автокөлік жолын салуға 400 млн. теңге, «Қияқты-Тұщықұдық» жолының құрылыс жұмыстарына 500 млн. теңге бөлініп тұр», - деді Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров.
Ауданда жол бойындағы инфрақұрылым жақсы дамып келеді. Орта және шағын кәсіпкерлер саны 2249 адам болып, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті. Жалпы аудан бойынша кәсіпкерлікті ашу, дамыту мақсатында 2016 жылы барлығы 72 адам 461,16 млн. теңге несие алған.
Бүгінгі таңда Маңғыстау ауданында наубайханалар саны 8, тамақ беру орталықтары 34 (шайхана, асхана), қызмет көрсету орталықтары 57 (тігін цехы, шаштараз), мейрамханалар саны 15, дүкендер саны 280, қиыршық тас карьерлері 19, автокөлікке қызмет көрсету орталықтары саны 41-ге жетіп отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті