- Басты
- Жаңалықтар
- Жуалыдағы бірқатар балық өндіретін кәсіпорындарды Иран қаржыландырады
Жуалыдағы бірқатар балық өндіретін кәсіпорындарды Иран қаржыландырады
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ауданда өндірілген өнімнің көлемі 30 155 миллион теңге болса, оның ішінде ауыл шаруашылығының үлесі 20 миллиард 986,9 миллион теңгені құраған. 2015 жылмен салыстырғанда көлем индексі 3,3 пайызға артқан.
Есепті мерзім ішінде егіс көлемінің өсу динамикасы сақталып, масақты дəнді дақылдар 33 470, майлы дақылдар 22 037, картоп 2150, көкөніс 649 гектарға егілген. Нəтижесінде өткен жылы ауданда 75977 тонна астық, 48590 тонна картоп, 15208 тонна көкөніс жəне 14324 тонна майлы дақыл өндірілген.
Мал шаруашылығы бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 104 миллион теңгеге 645 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 44,5 миллион теңгеге 1786 бас қой жəне «Құлан» бағдарламасы бойынша 163,9 миллион теңгеге 397 бас жылқы сатып алынған. Нəтижесінде, қой-ешкі 169,8 мың, мүйізді ірі қара 38,6, жылқы 8,2 мың, шошқа 765, құстардың саны 72,7 мың басқа жеткен.
««Гамбург» ЖШС құны 2 миллиард, 200 миллион теңге 800 басқа арналған тауарлы сүт фермасы құрылысын 2016 жылы бастаған, ағымдағы жылы аяқталады. Сондай- ақ, ауданда қосалқы жəне шағын шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру жұмыстары нақты жолға қойылуда. Бүгінге дейін Ақсай ауылдық округінде 29 əлеуетті жеке азаматтар бірігіп «Ақсай – 2016», 15 шаруа қожалық бірігіп «Жуалы Алатау» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылған», - делінген хабарламада.
Үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 2017-2018 жылдары қуаттылығы 50 МГв-ты құрайтын «Burnoe solar-2» күн электр стансасының құрылысын Ұлыбританияның «United Green» компаниясымен бірлесіп, жүзеге асыру жоспарланып отыр екен.
Сонымен қоса, ауылдық округтердегі жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіріп, заманауи сүт кластерін құру, Оңтүстік кореялық компаниямен бірге жылына 40 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін фабрика салу, сондай-ақ, Иран кəсіпкерлерінің аудан аумағынан алабалық жəне Билікөлден бекіре тұқымдас балық пен уылдырығын өндіретін зауыт салу секілді жобаларды іске қосу жоспарланып отыр екен.
-
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Тоқаевтың тапсырмасымен құрылатын екі агенттік немен айналысады, кім қаржыландырады -
Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен -
Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай