• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Сұлтанов: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қазақстан азаматтары үшін мақсатты талпыныс

Қ.Сұлтанов: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қазақстан азаматтары үшін мақсатты талпыныс

14 Желтоқсан, 2013 09:00
Әр адамның ішкі дайындығын ескере отырып мемлекет өз азаматтарына «Қазақстан-2050» Стратегиясы секілді мақсатты талпынысты дайындады, дейді Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы адам құқы комиссиясының төрағасы Қуаныш Сұлтанов.

«Бұл Қазақстан үшін заманауи жаңа Стратегия. Біз әлемдік кеңістікте құқықтық қоғамда өмір сүргіміз келеді. Әлем елдерінің соңынан ермей, керісінше олардың алдына шығып, жетекші елге айналуымыз керек. Біз қазір 50 елдің қатарында болсақ, енді біз алдыңғы 30-дыққа ұмтылудамыз», - деді Қ.Сұлтанов. 

Мәжілісменнің айтуынша, бастысы әр адамда өзіндік мақсат болуы керек. Адамның осындай ішкі дайындығынан кейін мемлекет өз азаматтарына аталмыш Стратегияны дайындап беріп отыр.

«Біз өзіміздің қоғамдық жұмысымызда құқықтық қоғамда өмір сүру үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. «Қазақстан-2050» Стратегисында біз құқықтық мемлекет құру жолында екені нақты көрсетілген. Біз қазір де осы жолдамыз. Біз мемлекеттің нақты дамуына жағдай жасаймыз. Егер біз қандай да бір экономикалық белесті бағындыратын болсақ, бұның бәрі адам құқының сақталғандығының көрінісі», - дейді Сұлтанов.

Парламент депутатының айтуынша, осы жылдар аралығында Қазақстан мемлекеттік дамудың барлық салаларында жетістікке жетті. Атап айтар болсақ олар – жаңа жұмыс орындарының ашылуы, өндірісте жаңа технологиялардың көптеп пайдаланыла басталуы, жаңа көзқарастар мен дүниетаным. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірінде жаңа тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен өзге де әлеуметтік нысандар бой көтеруде.

 

Барлық жаңалықтар