- Басты
- Жаңалықтар
- Өзбекстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
Өзбекстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
Көрші елге ресми сапармен барған EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Өзбекстанның Сыртқы экономикалық қатынас, инвестициялар және сауда министрі Элёр Ганиев және «Узэкспоцентр» ХКО басқарма төрағасы – Ұлттық секциясының комиссары Иброхим Эргашевпен кездесті.
С.Ганиевпен кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынас пен оны дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстандық дипломат әңгімелесушіге ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық бастамалары туралы айтып берді.
Өзбекстанның Сыртқы экономикалық қатынас, инвестициялар және сауда министрі Элёр Ганиев әлемде көмірсутек қоры азайып келе жатқандықтан баламалы энергия көздерін қалыптастыру өте маңызды екенін атап өтті.
Ол айтқандай, көрмеге өзбек тарапы баламалы қуат көзін өндірудің тиімді тәсілдерін алып келмек. Қазіргі таңда Өзбекстанның Самарқанд қаласында күн көзінен қуат алатын станция салынып жатыр екен.
Өз кезегінде, Р.Жошыбаев 22-23 ақпанда Астанада халықаралық қатысушылардың жиыны өтетінін айтты.
И. Эргашев өз сөзінде «жасыл технологияларды» дамыту мен мамандандырылған көрмеге қатысуға өзбек тарапы өте үлкен мән беретінін айтты.
Кездесу қорытындысында Р.Жошыбаев және И.Эргашев ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды.
-
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады -
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады -
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады -
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады -
Қазақстан мен Өзбекстан - сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде серіктес мемлекеттер -
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады -
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады -
Өзбекстанда 1 шілдеден бастап карантин күшейді -
Өзбекстан мен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы Мақтааралдықтарға қаржылай көмек көрсетті -
Өзбекстанда бір тәулікте коронавирус жұқтыруға қатысты жаңа рекорд көрсеткіш тіркелді -
Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді -
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов -
Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады -
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады