- Басты
- Жаңалықтар
- Әділет министрлігі Президенттің өкілеттілігін қайта бөлу бойынша 2 заң жобасын әзірледі
Әділет министрлігі Президенттің өкілеттілігін қайта бөлу бойынша 2 заң жобасын әзірледі
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаментінің директоры Дархан Жұмабайұлы Игембаев қатысты.
Елбасының өкімімен құрылған мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері жөніндегі Жұмыс тобымен Әділет министрлігінің алдына Парламентке заң жүзінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі өкілеттілікті беру бойынша түзетулер пакетін енгізу міндеті қойылды.
Осыған байланысты Әділет министрлігі екі заң жобасын және олардың тұжырымдамаларын әзірледі: Конституциялық заң және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.
Жалпы заң жобалары келесі негізгі ережелерді қамтиды.
Үкіметтің құзыретіне Президенттің экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік қызмет саласындағы өкілеттіліктерді беру. Президенттің жекелеген өкілеттіліктерін Президент Әкімшілігімен келісе отырып жүзеге асырылатын Үкіметтің құзыретіне беру ұсынылуда.
Бұл Елбасының құзыретінде елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеті, сыртқы және ішкі саясаттағы негізгі басымдықтарды анықтау жөніндегі міндеттердің сақталу қажеттілігін туындатты. Үкімет және жекелеген уәкілетті органдардың деңгейіне Президенттің кейбір арнайы және салалық міндеттерін беру қарастырылуда.
Мысалы, арнайы экономикалық аймақты құру, судьяларға куәліктер беру туралы шешім қабылдау.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы