- Басты
- Жаңалықтар
- Түлкібаста астық өнеркәсібі мен туризм дамытылады
Түлкібаста астық өнеркәсібі мен туризм дамытылады
Атап айтқанда, өңір халқын экологиялық таза табиғи өніммен қамтамасыз ету мақсатында Түлкібастағы Ақбиік ауылында жергілікті «Әбілмансұр» ЖШС биыл озық технологиямен жабдықталған, тәулігіне 3-5 тонна сүт өңдеп, түрлі өнімдер шығаратын зауытын іске қоспақ. Қажетті шикізатты арнайы сүт жинайтын жергілікті кооперативтерден алу жоспарланып отыр. Жоба құны 236 млн. теңге.
Сондай-ақ, отандық өнімді дамыту, адам денсаулығына пайдалы өнімдерді тұтыну мақсатында ауданда жергілікті «Кен-тау» ЖШС өз өнімдерін терең өндеу арқылы минералды және табиғи шырынды сусындар шығаруды қолға алмақ. Бүгінде аумағы 280 га болатын интенсивті бауда алмұрт, алма өсірілсе, одан жылына 2 мың тоннадан астам түрлі сусын шығару көзделіп отыр. Жоба құны 530 млн. теңге. Аталған жоба күз мезгілінде іске қосылғанда жергілікті 210 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Шет ел саяхатшылары мен республика тұрғындарына мінсіз қызмет ететін әлемдік стандарттарға сай тау бөктерінде орналасқан Жабағылы ауылында құны 600 млн. теңгелік «Жайлау» демалыс орны мен Керейт ауылында жалпы алаңы 1200 шаршы метр аумақты құрайтын, құны 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын демалыс кешені (аквапарк) пайдалануға берілмек. Сауықтыру орнында мейрамхана, ойын павильондары және басқа да қосымша қызмет көрсету нысандары бар.
Мұнан бөлек, Түлкібаста индустрияландыру картасына енген жылына қуаттылығы 10 және 30 мың тонна тірі салмақта құс етін өндіретін жалпы құны 30 млрд. теңгелік екі жобаның құрылысы басталмақ. Оның бірі Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен жоба. Сондай-ақ, аудандағы индустриалды аймақта ет және сүт, табиғи сусын шығаратын, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндейтін құны 3 млрд теңгеге жуық 6 жобаның құрылысы қолға алынады деп күтілуде.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады