- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатт Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды
Сенатт Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды
Сенат хабарлағандай, осы Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру болып табылады.
Орталықты құру гляциологиялық ғылымды дамытуға және өңірлік және жаһандық денгейде климаттың өзгеруінің мұздықтарға, қар жамылғысына және су ресурстарына әсерлерінің ғылыми түсінігін жақсартуға, гляциология, тау криосфералары, гидрология және климатология проблемалары жөніндегі зерттеулерді дамытуға, су және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешуге ықпал ететін болады.
Осы Келісім 2012 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған. Орталық тиісті ұйымдар арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін және ақпарат алмасуды және үйлестіруді келісімге сәйкес нығайтуға, климаттың өзгеруі саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға, өңірлік ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеуді көтермелеуге, жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін теориялық және практикалық семинарлар, оқу курстары, конференциялар және мерзімді басылымдар арқылы таратуға жәрдемдеседі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары