4 жыл ішінде машинақұрылыс саласы бойынша өндіріс көлемі 1,5 есеге өсті

13 Желтоқсан, 2013 19:20
ҚР-да 2008 жылмен салыстырғанда 2012 жылы машинақұрылысы өнімі 1,6 есеге өсіп, 687,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі.

«2013 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында машинақұрылысы саласындағы өнім көлемі 652,7 млрд теңгеге жетті», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, ҚР-да аталмыш саланы дамыту үшін 2010-2014 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданды.

Мемлекеттік шараларды іске асыру нәтижесінде машина құрылысы өнімі көлемі 2008 жылы 158,1 млрд теңге болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 326,8  млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, өнімнің әр түрі бойынша 4 жыл ішінде жүк вагондары 12,4 есеге,  дизелді локомотив 2,5 есеге, жеңіл автокөліктер 6 есеге, тракторлар 6 есеге, мұнай-газ құрылғыларын 3,3 есеге көтеру жоспарланған.

Сонымен қатар, 2008-2012 жылдар аралығында осы саладағы еңбек өнімділігі 11,1-ден 22,7 мың долларға артқан.

Барлық жаңалықтар