- Басты
- Жаңалықтар
- Үшінші жаңғыру бизнесті дамытуға зор мүмкіндік береді – ҚӘІҚ
Үшінші жаңғыру бизнесті дамытуға зор мүмкіндік береді – ҚӘІҚ
Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтқан үшінші жаңғыртуды қолдайды.
«Біз Қазақстанның іскер әйелдері ретінде ҚР үшінші жаңғыру бағдарламасын қолдаймыз. Мен шағын бизнес өкілі ретінде бұл бағдарлама бизнесті одан әрі дамытуға зор мүмкіндік сыйлайтындығына сенімдімін. Мен құрылыс саласындағы дизайнерлік компанияның өкілімін», - деді Е.Антонович.
Ол айтып өткендей, елорда аса үлкен қарқынмен дамып, құрылыс саласына өзгерістер енгізуде.
«Құрылыс саласын отандық құрылыс материалдарын шығару кәсіпорындарын ашу арқылы дамыту керек. Ол жаңа жұмыс орнын ашуда ашық бәсекелестікті қамтамасыз етеді», - деді ол.
Спикердің айтуынша, құрылыс саласындағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдауға ие болу өте маңызды.
Е.Антонович айтып өткендей, бұл салық қысымын төмендету, тексеріс жүргізетін органдарды азайту болып табылады. Онлайн платформаларда ашылған немесе ашылғалы жатқан барлық компаниялар туралы ақпарат болады, бұл да кәсіпкерліктің дамуына өз септігін тигізеді.
«Қазақстанда кәсіптік мамандарды дайындау үшін құрылыс колледждерін ашу өте өзекті әрі қазіргі заман талабына сай», - деді Е.Антонович.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары