- Басты
- Жаңалықтар
- Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылық өндіріс көлемі 22 % өсті
Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылық өндіріс көлемі 22 % өсті
«2016 жылы ауданның барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерімен жалпы көлемі 19,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 122,0% құрайды. Жалпы егіс көлемі 166,5 мың.га құраса, оның 123,9 мың.га дәнді дақылдар, 5,0 мың.га майлы дақыл, 37,2 мың.га жемшөп дақылдары, 296 га картоп, 117 га көкөніс және 38 га бау-бақша дақылдарын құрайды. 123,9 мың га жерге егілген дәнді дақылдардан гектарына 14 центнерден өнім алынып, 173,1 мың тонна астық жиналды», - деді әкім.
Ауданда жыл бойы көкөніс өсіру бойынша шаралар қолға алынуда. Соның бірі «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7,0 млн. тенгеге жалпы көлемі 270 шаршы метр жылыжай ғимараты салынды. Жылыжай тамшылап суару тәсілімен қияр өсіріп отыр. Болашақта жылыжай көлемін және өндірілетін өнім түрлерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
«Соңғы екі жыл ішінде ауданда Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекетік бағдарламалары жақсы орындалуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруда аудан бойынша төленген субсидия көлемі 209,5 млн. теңгені құрады. Алдағы жылы Ақтасты ауылдық округі және Аралтоғай ауылдық округінде сүт өнімдерін өңдеуді дамыту жоспарлануда, - деп атап өтті аудан әкімі
Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласымен қатар өндіріс көлеміне де тоқталды. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы ауданның өнеркәсіп өндірісі көлемі 1,5 млрд. теңге немесе 103,3% құрады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы