- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Әбдрахманов: Астаналық процесс – нақты әрекет ететіндердің бірі
Қ.Әбдрахманов: Астаналық процесс – нақты әрекет ететіндердің бірі
«Қазіргі таңда Астаналық процесс нақты әрекет ететін және женевалық келіссөздердің алдындағы дайындық кезең болып отыр. Қазақстан Республикасы сириялық мәселені реттеу бойынша БҰҰ көшбасшылық етуін толық қолдайды», - деді Қ.Әбдрахманов.
Министр айтып өткендей, гарант елдердің ақпараты бойынша кездесуде соғысты тоқтату мәселесін бақылауға алатын жұмыс тобын құру қарастырылды.
«Меніңше, 23-24 қаңтарда болған формат таңдалады.Барлығы гарант елдер талқылап жатқан басты мәселе соғысты тоқтату екендігін жетік түсінулері керек. Демек, келісімді қалай орнату керек, соғыс режимін кім бұзады, осы мәселелерді қарастырған жөн», - деді министр.
Оның айтуынша, Қазақстан көліктік қызмет көрсетуді өтейді, ал тұру мәселесін келетін делегациялардың өздері шешуі керек.
«Кез келген халықаралық келіссөздер қаржылық шығынды қажет етеді. Гарант елдер тарапынан Елбасыға түскен ұсыныс нәтижесінде Қазақстан сириялық мәселені реттеуге алаңқай ұсынуға келісім берді, сондықтан шараны ұйымдастыру біздің тарапта. Бюджетте шығынды қарастыратын бап бар», - деді министр.
Гарант елдердің мәліметінше, Ресей Федерациясы Конституция жобасының үлгісін ұсынды. Одан әрі әрекет ету қызығушылық танытқан тараптарға байланысты шешіледі.
Еске салар болсақ, 23-24 қаңтарда Астанада сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өтті. Одан кейін 6 ақпанда Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша xалықаралық теxникалық кездесу ұйымдастырылды. Екі күннен кейін, нақты айтқанда 15 ақпанда елордада тақы бір кездесу ұйымдастырылмақ. Сирия бойынша өтетін кездесуге АҚШ-тың қатысатындығы белгілі.
Қайрат Жандыбаев
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер