- Басты
- Жаңалықтар
- Универсиада -2017-ден қалған жиһаздар Алматының әлеуметтік мекемелеріне берілді
Универсиада -2017-ден қалған жиһаздар Алматының әлеуметтік мекемелеріне берілді
Спортшылар үшін алынған төсектер, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, светильниктер, тумбалар, столдары, үтік тақталары, телевизорлар, медициналық қондырғылар,офистік техника - барлығы 450-ге жуық заттар қала ауруханаларына, мектептерге, емханаларға, бала бақшаларға, колледждерге, спорт мектептеріне, жатақханаларға, ардагерлер үйіне таратылды.
«Қала ауруханаларында бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілді, материалдық –техникалық база жақсарды, қызметкерлер ағылшын тілі курсынан өтті. Ойындар аяқталғалы бері біз Универсиаданың оң әсерін сезінудеміз. Бізге қондырғы, жиһаз, оргтехника берілді. Бұлардың барлығы келген адамдарға сапалы қызмет көрсетуге көп мүмкіндік береді. Мысалы, ота жасалған сырқаттардың тез сауығуы үшін жайлы ортопедиялық матрацтар қашанда керек»,- делінген хабарламада.
Универсиада обьектілерін пайдалану және ұстау жөніндегі директор Сергей Апенко барлық техникаларды, жиһаздар мен қондырғыларды әлеуметтік мекемелерге тарату туралы шешімді қала басшылығының Универсиада қарсаңында қабылдағанын айтты.
«Қала әкімдігі әлеуметтік мекемелерден қандай техника, жиһаз қажеттігі жөнінде өтінім алып, арнайы тізім жасаған болатын. Яғни, әрбір төсек, телевизор нақтылы мекенге жеткізіліп, дұрыс пайдаға асады», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматыда Универсиада тарихында алғаш рет 5000 мың орынды Атлеттер ауылы салынды. «Универсиада мұрасы» аясында бұл тұрғын кешені үй кезегінде т ұрғандар арасында бөлінеді, соның арқасында мегаполистегі үй кезегі 10%-ға азаяды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер