- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының бюджеттік бөлігінің жылдық жоспары 100 %-ға дерлік игерілді – Қаржы министрлігі
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының бюджеттік бөлігінің жылдық жоспары 100 %-ға дерлік игерілді – Қаржы министрлігі
«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, ТКШ мен тұрғын үй құрылысын дамытуға, білім беру саласындағы инфрақұрылымды жүзеге асыру қаражаты толық көлемде пайдаланылған. Жергілікті деңгейде мемлекеттік бағдарлама қаражатын игеру де жеткілікті түрде жоғары - 98,7 %», - деді Б.Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы жүргізілген камералық бақылау жалпы сомасы 221 млрд теңге болатын мемлекеттік сатып алулардың 420 рәсімін қамтыды, оның 55 млрд теңге сомасына хабарламалар жіберілген.
«Мемлекеттік аудит нысандарымен анықталған қателіктер жойылды. Сонымен қатар 17 млрд теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алулар қорытындысы қайта қаралды; 38 млрд теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алулар болдырылмады», - деді министр.
Спикердің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан төлемшілерден бюджетке салық көлемінің өсімі байқалады. Олардың көлемі 2016 жылы 43,5 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғыдан 1,4 есеге жоғары көрсеткіш.
Ол айтып өткендей, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2017 жылы бюджеттен 387,4 млрд теңге сомасында қаржы қарастырылған.
«Барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қазірден бастап қажетті шараларды қолданып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында бюджеттік рәсімдердің уақытылы жүргізілуін бақылауда ұстауға шақырды», - деді Б.Сұлтанов.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы