- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» - экономикалық өсімнің қозғаушы күші – Сүлейменов
«Нұрлы жол» - экономикалық өсімнің қозғаушы күші – Сүлейменов
«Жалпы, мақсаттық трансферт бойынша 472,8 млрд теңгенің 469,6 млрд теңгесі немесе 99 пайызы игерілді. Толық игермеу мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуге қатысты болып отыр», - деді Т.Сүлейменов.
Министр айтқандай, көлік жолдары саласын дамытуға 2016 жылы 151,3 млрд теңге бөлінген, қаражат толық игерілді. Бөлінген қаражат есебінен 611 шақырым автожолда құрылыс-жол жұмыстары аяқталды.
Нәтижесінде Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Астана – Петропавл бағыттары бойынша көлік қозғалысы ашылды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылады.
««Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2016 жылы 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жыл қорытындылары бойынша мақсатты трансферттердің 469,6 млрд теңгесі немесе 99% игерілді. Толық игерілмеу жайттары негізінен мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеулермен байланысты», - деді Т.Сүлейменов.
Ол айтып өткендей, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 56,4 млрд теңге бөлінді, оны квазимемлекеттік сектор толық игерді.
«Мәселен, бөлінген қаражат Астана әуежайының жаңа терминалының, ішкі инженерлік желілердің құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстарын аяқтауға, сонымен қатар технологиялық жабдықты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді министр.
Сонымен қатар өткен жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы «ҚТЖ ҰК» АҚ жүзеге асыратын ең ірі нысандардың іске қосылуына рұқсат берді.
«Онда Алматы-Шу учаскесінде екінші теміржол жолдарының және Құрық портындағы паром өткелінің құрылысы қамтылмақ, бұл Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетіне оң ықпалын тигізіп, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне шығуына жол ашады», - деді министр.
Сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарында тұрғын үй құрылысы нысандарына коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілуде, 2 208 шақырым инженерлік желілері салынды.
«Сондай-ақ «БЖК 2020» аясында кәсіпкерлік нысандарына жеткіліксіз инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2016 жылы 35 бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 77 ШОБ субъектілеріне инфрақұрылым жүргізілді», - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
Мемлекеттік бағдарлама аясында білім беру саласында инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген, атап айтқанда 2018 жылға қарай апатты және үш ауысымда оқытатын мектептерді толық жою көзделген. Қазір 52 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 35 мектеп пен 17 балабақша бар.
Сондай-ақ, министр 2016 жылы жалға беру, несиелік және коммерциялық тұрғын үйге бөлінген 192 млрд теңгенің 148, 2 млрд теңгесі игерілді.
«Қрылыстың ерекшілігіне байланысты игеру уақыты 2 жылды құрайды. Аталмыш қаржы есебінде 225,3 мың шаршы метр немесе 3,6 мың пәтер тапсырылды. Бүгінгі таңда аталмыш бағытты жүзеге асыру бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы бекітілді», - деді Т.Сүлейменов.
Қайрат Жандыбаев
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»