- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Биыл Жамбыл облысында 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
ИИДМБ: Биыл Жамбыл облысында 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Оның алғашқысы Байзақ ауданындағы «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС-нің макарон цехы. Қайта жаңғыртудан өткен кәсіпорында DL-650X автоматикалық желісі іске қосылып, кеспенің бірнеше түрі шығарыла бастады. Жалпы құны- 285 млн тенге, жылдық қуаты 9000 тонна дайын өнім шығару.
Жоба 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. 60 адамға жаңа жұмыс орны құрылған.
Шығарылатын өнім ішкі нарықпен қатар, Ресей және Қытай Халық Республикасына экспортталады.
Мойынқұм ауданында 256,0 млн теңгені құрайтын «Оргстрой» ЖШС - «Жаңғырту және жаңа технология бойынша жарылыссыз блоктарды өндіру» жобасы, «Казгранит «Компаниясы» ЖШС – «Гранит тақталарын және брусчаткаларды өндіретін цехтың құрылысы» және Қордай ауданында 125 жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы «Первомайские деликатесы» ЖШС – «Шұжық өндіретін цехын қайта жаңғырту» жобалардың құрылыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар Меркі, Талас, Сарысу аудандарында «Меркі Ет» ЖШС – «Консервіленген ет және шұжық өнімдерінің өндірісін кеңейтіп қайта жаңғырту», «Қаратау ПРО» ЖШС - «Мәрмәр толтырғышын өндіретін зауыт құрылысы» және "Асылтуз" ЖШС– ас тұз өндірітін зауыттың құрылыстары іске асырылуда.
Сондай ақ Тараз қаласында "Тараз арматура зауыты" ЖШС – «Құрылыс арматурасының өндірісі», "Kisc" ЖШС – «Құйылу цехын жаңғырту» және «Alina Holding» ЖШС (Alina TarazPro) – «Құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс өндіретін зауыттар кешені» жобалары қолға алынды. Жобаның құны – 3900 млн теңгені құрайды. Жылдық қуаттылығы – 140 мың тонна. Нәтижесінде 105 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша облыста индустрияландыру картасы аясында 5477 жаңа жұмыс орындары ашылып, 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді