- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Өзбекстан достық қоғамын құрады
Қазақстан мен Өзбекстан достық қоғамын құрады
Қазақстандық делегация ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Өзбекстанда ресми сапармен жүр.
Делегация Өзбекстан Республикасының Өлий Мәжілісі Заң шығару палатасы спикерінің орынбасары Б.Алихановпен, Өзбекстан Республикасы Өлий Мәжілісі Сенатының бірінші орынбасары С.Сафаевпен, Өзбекстанның Республикалық интернационалдық мәдени орталығының директоры Н.Мұхаммадиевпен бірқатар қос тараптық кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимыл жасауының өзекті мәселелері, қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету, азаматтық бірегейлікті нығайту тәжірибесі қаралып, ынтымақтастықтың жаңа векторлары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстанның Республикалық интернационалдық мәдени орталығы арасында меморандумға қол қою ниеті туралы сөз болды.
Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы мен белсенді мүшелерімен кездесі сапардың негізгі іс-шараларының бірі болды. Оның соңында Қазақстан халқы Ассамблеясынан сый - компьютерлік техника мен қазақстандық авторлардың қазақ мәдениетіне, қоғамдық келісім мен бірлікке арналған кітаптары табыс етілді.
Өзбекстанның этномәдени бірлестіктер өкілдері және сарапшылары ҚХА делегациясының мүшелерімен өткізген дөңгелек үстелде Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі таныстырылды, сондай-ақ «Қазақстан - Өзбекстан» достық қоғамын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ынтымақтастық бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу және ағартушылық жобаларды дамыту, шекара бойындағы ынтымақтастық, әдебиет алмасу, 2 ел жастарына арналған іс-шаралар өткізу бөлігінде нақты ұсыныстар жасалды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды