• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда экономикалық өсу қарқыны орташа әлемдік көрсеткіштерден жоғары болуы тиіс – Кәрімова

Қазақстанда экономикалық өсу қарқыны орташа әлемдік көрсеткіштерден жоғары болуы тиіс – Кәрімова

14 Ақпан, 2017 11:36
Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» аты Жолдауы аясында Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа моделі айқындалды. Осы жөнінде өз пікірін «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының сарапшысы Мәншүк Кәрімова Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында айтты.

Сарапшының айтуы бойынша, соңғы уақытта өсудің жаңа моделін іздеу тақырыбына өтіп жатқан пікірталастар сарапшылар қоғамы арасында ғана емес, сонымен қатар билік өкілдері арасында да өзекті. Қазіргі уақытта ол қосымша серпін алды – Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» атты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Менің ойымша, қазіргі экономикалық шындық уақытында бұл бастама аса маңызды әрі уақтылы болып табылады. Осы бастаманың іске асырылуы экономикалық өсу қарқынын орташа әлемдік көрсеткіштерден жоғары деңгейде қамтамасыз етуге арналған», - деді сарапшы.

Сонымен бірге, ол Жолдауда айқындалған басты басымдықтардың бірі экономиканың жылдамдатылған технологиялық жаңғыруы екенін атап өтті. Ол жаңа перспективалы салаларды дамытуды, цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданылуын көздейді.  

«Экономикалық өсудің теориялық модельдерінде техникалық ілгерілеу экономиканың өсуінің негізгі факторы болып табылады. Ұзақ мерзімді дамуда ЖІӨ өсуі технологиялық даму деңгейімен анықталады. Тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін «капиталды кеңейту» емес, оны технологиялық ілгерілеу арқылы «тереңдету» талап етіледі», - деп атап өтті М. Кәрімова.

Сондай-ақ, ол жылдамдатылған технологиялық жаңғырумен бірге экономиканың базалық салалары да дамитынын айтты.

«Өткен жыл қорытындыларыбойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 1% құрағаны белгілі. Өсім ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, құрылыс салалары есебінен қамтамасыз етілген. Үшінші жаңғыру аясында бұл салалар экономикалық өсудің жаңа қозғаушы күші ретінде айқындалған. Осылайша, экономиканың жаңа басым салалары мен базалық салаларының бір мезгілде дамуы Қазақстанға ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік беретін белгілі бір синергетикалық әсер береді», - деді «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының өкілі.

Жалпы ол жаңғырудың үшінші кезеңі жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы күрес жоспары, сондай-ақ «Стратегия-2050» болашағына көпір болып табылатынын айтты.

«Үшінші жаңғыру елдің жаңа технологиялық тәртіпке көшуіне және экономиканың сапалы дамуына ықпал етеді», - деп қорытындылады М. Кәрімова.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар