- Басты
- Жаңалықтар
- Аграршыларға несиелеу мөлшерлемесі 2 пайызға төмендеді
Аграршыларға несиелеу мөлшерлемесі 2 пайызға төмендеді
Биыл 60 млрд теңге қысқамерзімді қарызды бағыттайтын бюджеттік бағдарламаның операторы «ҚазАгро» еншілес ұйымы – «Аграрлық несиелік корпорация» атанды, өткен жылы реттеуге «Азық- түлік корпорациясы» астықты форвардтық сатып алу бойынша қатысқан болатын.
АӨК қаржыландыру субъектісінің операторы көктемгі егіс жинау жұмыстарын жүргізуге корпорация несие беруде қолжетімділіктің кеңеюі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін толық қамту мақсаты бойынша таңдалған болатын.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі мен оның еншілес кәсіпорындары шаруаларды қаржыландыратын бағдарламалардың пайыздық мөлшерлемелерін оңтайландыру мақсатында әрдайым жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына берілетін пайыздық мөлшерлемелер төмендетілді. Егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, несиелеу барысында басымдыққа ие болатын бірқатар ауыл шаруашылығы дақылдарын белгіледі.
Егер де бұрындары Азық-түлік корпорациясы бидай мен арпаны сатып алса, биыл фермерлер май дақылдарын да тапсыра алады.
Айта кетейік, АНК несиелеу мөлшерлемесі биыл 2 пайызға төмендеді. Бұл филиал арқылы қаржыны жылдық 3 пайыз бойынша алуға болады. Банк арқылы несиелеу пайызы 6 пайызды, ШНҰ бойынша 8 пайызды құрайды.
Бүгінде несиелік серіктестікті қамтамасыз ететін көз «Аграрлық несиелік корпорация» болып табылады.
Айта кетейік, жыл сайын «Аграрлық несиелік корпорация» фермерлерді КТ арқылы 30 млрд теңгеден астам қаржыға несиелейді.
АНК жыл сайын аграршыларды көктемгі-күзгі жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландырады. Ол өз есебінен 10,0 млрд теңгеге дейін бөледі.
Несиелік серіктестік – еркін кооперативтік қаржылық ұйым, өзара несиелеу арқылы өз қатысушыларын біріктіріп, қаржылай көмекті тек өз мүшелеріне ғана көрсетеді.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Тоқаев: Тәртіп сақшыларының еңбекақысы 30 пайызға артады -
Қазақстанда азық-түлік бағасы қанша пайызға қымбаттады, бағаны тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдануда -
Р.Скляр: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті