• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Kazakhstan Computer Graphics»: АЭА «Ақпараттық технологиялар паркі» қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған

«Kazakhstan Computer Graphics»: АЭА «Ақпараттық технологиялар паркі» қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған

13 Желтоқсан, 2013 18:48
«Kazakhstan Computer Graphics» - халықаралық сападағы компьютерлік дизайнмен айналысатын отандық компания. Кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік инновациялық саясат түрткі болды.

Ақпараттық технологияны дамыту, сонымен қатар қазақстандық билік саясаты инновациялық бастамаларға қолдау көрсетуге бағытталған және жаңа компаниялардың пайда болуына жағдай жасайды.

Мысалға, «Kazakhstan Computer Graphics» - визуалды әсерлер нарығында алдыңғы қатардан табылады.

«Біз «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қатысу арқылы аяққа тұрдық. Алматы аймағында бағдарламашыларға қажетті барлық жағдай жасалған. Салықтық жеңілдік, инфрақұрылымдық қолдау, алғашқы инвестиция – барлығы Жаңа индустрияландыру аясында өтуде», - делінген хабарламада.

2008-2011 жылдары «Kazakhstan Computer Graphics» компьютерлік кескін, визуалды арнайы әсерлер мен 4 қазақстандық фильді дайындауға ат салысты. Атап айтар болсақ олар: «Сталинге сыйлық», «Балалық шағымның аспаны», «А»-ға оралу» және «Аңыз кітабы: Ертегі Орманы».

 

Барлық жаңалықтар