- Басты
- Жаңалықтар
- ҚҚ-де қазақстандық «Арлан» броньды машинасын жауынгерлік тұрғыда пайдалану тәжірибесі жүргізілуде (ФОТО)
ҚҚ-де қазақстандық «Арлан» броньды машинасын жауынгерлік тұрғыда пайдалану тәжірибесі жүргізілуде (ФОТО)
«Шығыс» полигонында қазақстандық броньды көліктің әскери мүмкіндіктері қысқы ауа райы жағдайында тексерілді.
Тест-драйв аясында қарлы қиылыстардан әскери қызметшілер броньды машинамен марш жасап, «Арланмен» жабдықталған «САРП» әскери модулін іс-қимыл барысында сынап көрді. Сондай-ақ Калашников автоматынан, Драгунов мылтығынан және ОСВ-96 ірі калибрлі мылтықтан атып броньды көліктің беріктігін тексерді. Нәтижесінде отандық өнім жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жоғары өтімді, маневрлі және қорғанысы мықты екенін көрсетті.
«Арлан» – бұл минаға қарсы қорғанысы күшейтілген көп мақсатты броньды дөңгелекті машина. Бұл түрдегі машиналар сынықтар қарсы тұра алатын және жарылғыш заттың қуатын сейілту мүмкіндігі бар үлкен саңылауға ие. Салмағы 16 тонналық броньды көлік жылдамдығын 100 км/с күшейте алады және күрделі ауа райы кезінде -50⁰С-тан +50⁰С-қа дейінгі температурада пайдалану үшін толық бейімделген.
«Арланның» жан-жақты электронды-оптикалық жүйесінің әскери модулі жылу беретін камерасымен, күндізгі көру камерасымен, лазерлік алысты өлшеуші құралмен кез-келген климаттық жағдайда түнгі және күндізгі уақытта бақылауға, барлауға және көздеп атуға мүмкіндік береді. Қазақстан Қарулы Күштерінің талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып «Арлан» броньды машинасы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС құрастырушы бюросының қазақстандық мамандарының көмегімен жасалған және отандық қуатпен өндірілген.
2016 жылы бронды көліктердің бірінші легі еліміздің Қарулы Күштеріне берілді, осыған ұқсас техника бүгінде ҚР ҚК-де жоқ. Аталған машинаның тиімділігін сынау үшін жеке құрам оқытудан өтті.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі