- Басты
- Жаңалықтар
- Бизнесті қайта реттеу бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қысымды төмендетеді – ҰЭМ
Бизнесті қайта реттеу бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қысымды төмендетеді – ҰЭМ
Мемлекет басшысы бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелі шараларды әзірлеу міндетін анықтағанын және бақылау-қадағалау функцияларының санына ауқымды тексеру жүргізуді тапсырғанын Ғалия Джолдыбаева еске салды.
«Ағымдағы жылдың соңына дейін Кәсіпкерлік кодекске, салалық заңдарға қайталанатын бақылау және қадағалау салаларын алып тастау және тексеру жүргізудің жалпы тәртібіне жатпайтын салаларды ауыстыру бойынша түзетулер әзірленетін болады», - деді ОКҚ өткен баспасөз конференциясында Ғ.Джолдыбаева.
Ғалия Тағыбердіқызының айтуы бойынша, тексерулерге балама институтын (аудит және сараптама) енгізуді кеңінен пайдалану және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысаны, құқық бұзушылықтың алдын алуға және ескертуге бағытталған заң жүзінде белгіленген шаралар бойынша ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.
Ревизия кәсіпкерлік субъектілеріне бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан қысымды азайтуға мүмкіндік береді, мемлекеттік бақылау мен қадағалау заңнамасын жетілдіруді қамтамасыз етеді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құрамдағыштарды алып тастауға жәрдемдеседі, сондай-ақ елде кәсіпкерліктің дамуына жаңа түрткі береді.
Сонымен қатар, Ғ.Тағыбердіқызының ақпараты бойынша бизнесті қорғау және қолданыстағы әкімшілік кедергілерді жою мақсатында, Министрлік мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне тұрақты негізде тексерулер жүргізеді. Тексерулер, бизнеске ең көп қысым көрсететін субъектілерге бағытталған.
2016 жылғы тексеру нәтижелері, бизнес субъектілерінің қызметін реттеу кезінде, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру кезінде, мемлекеттік органдар олардың құқықтары мен заңды мүдделерін өрескел бұзғандығын көрсеткен.
2016 жыл бойынша Мемлекеттік мекемелердің басшыларына қатысты 4,8 млн. тг. сомасына 46 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған (бүгінгі күні 38 хаттама бойынша соттармен 4 млн. теңге сомасына айыппұл ретінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылар шығарылды), 40 астам лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары