А.Мырзахметов ел аумағында екі агро орталық құру мәселелерін талқылады

14 Ақпан, 2017 08:41
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы өндіріс сұранысына қажетті аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестиция көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті кешендерінде екі агро орталық құру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың қатысуымен өткен жиында осы мәселелер кеңінен талқыланды.

ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев ЖОО-ны заманауи аграрлық ғылыми-зерттеу университетіне трансформациялау бағытында атқарылған жұмыс жұмыстармен таныстырды және де оқу орнының ауыл шаруашылығы саласындағы №1 ғылыми-зерттеу университеті – Девистегі Калифорния университетімен өзара ынтымақтастықтың орнағанын атап өтті.

Сондай-ақ, Премьер-министр орынбасары «Қазақстан – Белорусь» инженер мамандарды қайта дайындау орталығының Трактор павильонында, «Қазақстан – Германия» дәл егіншілік орталығында, жем дайындауды механикаландыру және агроинженерия, астық жинайтын комбайндар зертханасында және де ет пен сүт өңдейтін оқу-тәжірибелік цехында болды.

 

Барлық жаңалықтар