• Басты
  • Жаңалықтар
  • Биыл Қарағанды облысының бірқатар денсаулық сақтау объектілері жаңартылмақ

Биыл Қарағанды облысының бірқатар денсаулық сақтау объектілері жаңартылмақ

13 Ақпан, 2017 19:46
Қарағанды облысында денсаулық сақтау объектілері жаңартылады. Бұл туралы Ұлттық ғылыми медицина орталығында өткен дөңгелек үстел барысында «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы басқармасының төрағасы Салтанат Рахымбекова хабарлады.

«Қарағанды облысында денсаулық сақтау объектілері жаңартылады: 10 ауруханада автоматтандырылған жылу пункттері орнатылып, тағы төртеуінде жарық толығымен алмастырылады және 30-ында қазандықтар жаңартылады», - деп хабарлады С. Рахымбекова. 

Спикердің айтуы бойынша, осы объектілерді іске асыру бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.  

«Жобаларды іске асыру – жақсы перспектива және елдің сәтті үшінші жаңғыруы үшін негіз, себебі ол елдің инновациялық дамуын болжайтын төртінші индустриялық революцияны енгізумен байланысты. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының әлеуеті жоғары, өйткені осы объектілердің қамтамасыз етуі үшін салынған бюджет ресурстары бүгінгі бизнестің қосымша бюджет қаражатын жұмсамай, керісінше, осындай энергия тиімді технологияларды ұсына отырып, әлеуметтік объектілерді жақсартуға көмектесуі және денсаулық сақтау саласын жақсартуы үшін зор ресурстарға ие», - деп қорытындылады С. Рахымбекова. 

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар