- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Г. Бердімұхамедовты Түрікменстан Президенті болып сайлануымен құттықтады
Н. Назарбаев Г. Бердімұхамедовты Түрікменстан Президенті болып сайлануымен құттықтады
13 Ақпан, 2017 18:19
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Түрікменстан Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті жеке өзінің және ел халқының атынан Г.Бердімұхамедовті Түрікменстандағы президент сайлауында жеткен жеңісімен құттықтады.
«Өткен сайлау нәтижесі – халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, елдің халықаралық беделін нығайту жолындағы Сіздің жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрікменстан азаматтарының сенімінің және қолдауының көрсеткіші.
Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бастап Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді.
Қазақстан түрікмен халқының бірлігін, елдің саяси және экономикалық дамуын нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалайды», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады