- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО-2017 кезінде 1,5 мың такси жұмыс істейді
Астанада ЭКСПО-2017 кезінде 1,5 мың такси жұмыс істейді
Дәурен Қайсаровтың айтуынша, елордада ЭКСПО көрмесі кезінде тасымалдау жұмыстарын жүзеге асыратын автобустар мен таксилер жұмыс істейтін болады.
«Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу дайындығына ерекше мән беріледі. Біріншіден, жақын арада автобустардың саны 380 бірлікке көбейеді. Бұл автобустар елорда тұрғындарының күту уақытын шектеу үшін қосымша кестеге енгізіледі. Біз климаты қатаң қалада тұрып жатқанымызды түсінеміз. Сондықтан, автобустар саны көбейтілді. Автобустардың көбеюі тұрғындар қажеттілігі бойынша кестені ыңғайластыруға мүмкіндік береді», - деді бюро жетекшісі.
Сондай-ақ, автобус жүргізушілерін жұмысқа қабылдау тәртібі күшейтіледі. Қазір жүргізушілерді әлемнің үздік стандарттары бойынша оқытатын мектеп ашу жоспарлануда.
«Ақылды автобустың ұйымдастыру жүйесі мамандандырылған құрылғыға бекітіледі. Біз автобустың орташа жылдамдығы мен орнын бақылап отырамыз. Жанармай шығыны мен аялдамаларға тоқтау уақыты туралы есеп аламыз. «Astraplat» арнайы қосымшасы бар, ол автобустардың келе жатқан орнын көрсетеді. Бұл құрылғылардың нақтылығы артады», - деді ол.
Сондай-ақ, такси қызметіне аса мән беріледі. Қазір ЭКСПО-2017 кезінде астаналық таксиге арнайы стандарт дайындалады.
Айта кетейік, ОКҚ-да өткен кеңестің басты міндеті Астана қаласы және астаналық агломерацияның тұрақты даму Стратегиясын іске асыруға, қала мен қалалық қызметтер алдында тұрған кешенді мәселелердің шешімін іздеуде, қаланың экономикалық әлеуетін және инвестициялық қызығушылығын дамыту мен жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге жәрдем беру болып табылады.
«Тұрақты даму» ұғымы өзіне бес блокты қоса алады: экономикалық тұрақтылық, экологиялық тұрақтылық, тұрақты инфрақұрылым, энергетика және инновация, әлеуметтік тұрақтылық, бәсекеге қабілеттілік және стратегиялық тұрақтылық.
Кеңеске осы барлық бағыттар бойынша 63 сарапшы енгізілді: әкімдік пен қалалық құрылымдар өкілдері, отандық және халықаралық мамандар Астананың туыстас қалалары – әлемнің ірі мегаполистерінің өкілдері.
Ақбота Күзекбай
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан