• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралады

Мәжілісте 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралады

13 Ақпан, 2017 17:54
Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда салалық комитеттердің ұсынысымен Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шығарылатын болды.

Екінші оқылымда үш заң жобасы: қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мен азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және экологиялық мәселелерге енгізілетін жаңалықтар талқыланатын болады. 

Күн тәртібінде Мәжіліске жаңадан келіп түскен заң жобасы да болды. Ол – «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы. Осы заң жобасы бойынша салалық комитетке қорытынды әзірлеу тапсырылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар