- Басты
- Жаңалықтар
- Греция ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды
Греция ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды
Ұлттық компанияда хабарлағандай, ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев Греция Республикасына жұмыс сапары аясында қоршаған орта және энергетика министрі Георгиос Статакиспен, Экономика және даму министрлігінің бас хатшысы – Грецияның ұлттық секциясының Комиссары Илиас Ксанфакоспен, сондай-ақ Грецияның «Enterprise Greece» ірі ұлттық агенттігі басқармасының төрағасы Христос Стайкоспен кездесті.
Елдің Энергетика министрлігі мен экономикалық ведомствосында Р. Жошыбаев грек басшыларымен Элладаның астана көрмесіне қатысуы мәселесін талқылады, сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары туралы айтып, Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына баса назар аударды.
Грецияның энергетика министрі көрмеде Греция халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес энергетика инфрақұрылымының нақты үлгілерін ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді. Елдің жаңартылатын энергия көздерімен, әсіресе күн энергиясымен байланысты мәселелерге қатысты едәуір тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Греция ЖЭК үлесін 2020 жылға дейін 30%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Кездесу қорытындылары бойынша Р. Жошыбаев және И. Ксанфакос Грецияның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды