• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы желдеткіш зауыты ҚР азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етеді

Алматы желдеткіш зауыты ҚР азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етеді

13 Желтоқсан, 2013 18:33
Посткеңестік кеңістікте ірі салалық кәсіперліктердің бірі болып табылатын Алматы желдеткіш зауыты мемлекеттік -индустриялдық қолдау арқасында өсе түсті.

Зауыт 2008 жылы ашылып, Қазақстандағы жалғыз желдеткіш зауыты атанды. Онда өртке қарсы және түтінге қарсы желдеткіш құрылғылары өндіріледі.

Қазіргі таңда зауыт Қазақстанның азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстары сұраныстарының 70 пайызға дейінгісіне жауап бере алады. АЖЗ-ның тұтынушылары химиялық, мұнай-газ, энергетика, машинақұрылысы, азық-түлік, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу салалары өнеркәсібі болып табылады.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері АЖЗ бірден аталмыш бағдарламаға белсене араласты. Мемлекеттік қолдау арқылы зауыт өзінің өндірістік қуатын 525 млн теңгеге дейін жеткізді. Өнеркәсіп энергоүнемдегіш технологияларды қолдану арқылы желдеткіш заттарын шығарады.

2011 жылы АЖЗ өндірісті ары қарай жетілдіру үшін 94 млн теңге көлеміндегі инновациялық несиені жеңіп алды. Заманауи талаптарға жауап беретін алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілді. «Кайдзен» технологиясы энергошығынды пайызға дейін азайтты.

Барлық жаңалықтар