• Басты
  • АҚШ делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысымен танысты
13 Ақпан, 2017 15:52

АҚШ делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысымен танысты

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан-дырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Ульям Тоддпен кездесті.
АҚШ делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысымен танысты

Ұлттық компанияның баспасөз  қызметі  хабарлағандай, басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов америкалық қонақтарды халықаралық көрмеге дайындық деңгейімен танысырып өтті. Ұлттық компания басшысы 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатындығын ресми растағандығын атап өтті. Павильондарды халықаралық қатысушыларға тапсыру бойынша белсенді жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Айталық, халықаралық қатысушылардың 18-і өз павильондарын мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісіп кетті.

Сонымен қатар, АҚШ делегациясы ЭКСПО-2017 құрлысы алаңы мен ұйымдастырушылар кеңсесінде болды.

«Бүгін біз көрменің құрылыс алаңындағы жұмысымен таныстық. Ұйымдастырушылардың ауқымды еңбегінің куәсі болдық. Халықаралық қауымдастықтың көрмеге деген үлкен қызығушылығы байқалады. Сондықтан дүние жүзіндегі технологиялық лидер ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінде абыройлы қатысуы үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», - деді Тодд Ульям.

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды