ДСҰ елдері өндірушілерге бірдей жағдайлар жасауы тиіс – Күшікова (ВИДЕО)

13 Ақпан, 2017 15:28
Қазақстан ДСҰ-ның барлық мүшелерімен қарым-қатынаста неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін (НҚР) автоматты түрде алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің директоры Жанель Күшікова Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында айтып берді.

Жанель Күшікованың айтуы бойынша, неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимі – бұл халықаралық шарттарда және келісімдерде келісуші тараптардың әрқайсысы кез келген үшінші мемлекетке, оның жеке немесе заңды тұлғаларына ұсынатын немесе болашақта ұсынатын экономикалық, сауда және басқа қарым-қатынастар саласындағы неғұрлым қолайлы жағдайлардан кем болмайтын жағдайларды басқа тарапқа, оның жеке және заңды тұлғаларына ұсынуға міндеттенетін ережелерді айқындайтын экономикалық және заңды термин.

«НҚР – неғұрлым қолайлы жағдай жасалатын ұлт режимі. Бұл сауда кезінде жасалатын жағдайлар басқа елдердегіден кем болмайтынын білдіреді. ДСҰ барлық қатысушылары ұйым мүшелерінің біреуіне басқаларынан кем қарамайтыны туралы міндеттеме алады. Ал ұлттық режим – оларға өз өндірушілерімізге ұсынылатындай жағдайлар жасайтынымызды білдіреді. Осы ретте, ДСҰ өз өндірушілеріне қолдау көрсетуге тыйым салмайтынын атап өткен жөн», - деді Ж. Күшікова.

Сондай-ақ, ол ДСҰ-да субсидиялардың екі түріне ғана тыйым салынғанын айтты – олэкспортқа бағдарланған және импортты алмастырушы.

«ДСҰ-да субсидиялардың екі түріне ғана тыйым салынады, бұл экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын субсидиялар. Бұл субсидиялар сауданы қатты бұрмалайды, сондықтан басқа субсидиялар ұсыну қажет: өндірісті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, оқуға. ДСҰ ережелерінде субсидиялар да, кері механизмдер де жазылған, бұл істі қарау және осы субсидиялар бойынша өтемақы төлеу. Істі қарау басқа мемлекет нарығында біздің субсидияланатын тауарларымыздан келген шығын анықталғаннан кейін басталады», - деп мәлімдеді Ж. Күшікова. 

Қайрат Жандыбаев

Видео Кенжетай Ақсейітов

Барлық жаңалықтар