- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда кейбір автокөліктерге жүру параметрлер өзгерді
Қазақстанда кейбір автокөліктерге жүру параметрлер өзгерді
ИДМ хабарлағандай, автомобиль жолдарының салмақ көтеру және өткізу қабілетін, сондай-ақ пайдаланымдағы автокөлік құралдарының конструктивтік параметрлерін ескере отырып, автокөліктің бір қатар санаттары үшін жол берілетін салмақтар арттырылған болатын.
Нәтижесінде, үш білікті автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 26 тоннаға, салмағы 18 тоннадан аспайтын екі білікті тартқыш пен екі білікке түсетін жүктеме 19 тоннадан аспайтын жартылай тіркемеден тұратын ершікті автопоездар үшін 38 тоннаға дейін салмаққа рұқсат беріледі.
Автокөлік құралдарының екі қатарлы қос білігі үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 17 тоннаға, үштік және одан көп біліктер үшін 1,5 тоннаға ұлғайтылды.
Сонымен бірге, Қазақстанның транзиттік потенциалын арттыру және отандық тасымалдаушылардың еуропалық және Орта азиялық автокөлік тасымалдар нарығында бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерге рұқсат берілетін габариттер қайта қарастырылды.
Осылайша, жүк көтерімділігі төмен (40 тоннаға дейін) ершікті автопоездардың (құрамында тартқыш пен жартылай тіркеме) ұзындығы еуропалық нормаларға – 16,5 метрге келтірілді, бұл ретте осы нормалармен ҚХР қолданыстағы автокөліктердің параметрлерін сәйкестендірген болатын. Сол себепті, Жартылай тіркеменің тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен аталған автопоездардың артқы жағы арасындағы рұқсат берілетін арақашықтық 12,0 метрден аспауы тиіс.
Тіркемелі және жүк көтерімділігі жоғары ершікті автопоездар (барынша рұқсат етілген 40 тоннадан артық) үшін 20 метрге дейін рұқсат беріледі. Бұл ретте, ершікті автопоездардың жүк тиеу ұзындығы 16,4 метрден, ал тіркемелі автопоезы тартқышының артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы қашықтық 0,6 метрден кем емес болған кезде – 17 метрден аспауы тиіс.
Аталған жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлердің өзгерістері Министрліктің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 761 бұйрығымен енгізілді және 2017 жылдың 24 қаңтарынан бастап жүзеге асады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды