- Басты
- Жаңалықтар
- ЖҚЖК: 60 бөкейордалық әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған
ЖҚЖК: 60 бөкейордалық әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған
Бөкейорда ауданының өткен жылғы бюджеті 3 млрд 32 млн теңгені құрады, осы ретте кіріс және шығыс бөліктері жүз пайыз көлемде орындалған. Бюджетке салық түсімдерінің сомасы 121,8 пайызға артқан және 311 млн теңгені құрады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 25 маман 3 млн 712 мың теңге сомасына көтермеақы алды. 13 жас маманға тұрғын үй алу үшін 38 млн 178 мың теңге сомасына бюджеттік несие бөлінген.
Дәл осындай өсім кәсіпкерлік саласында да байқалады. Бөкейорда ауданында 910 шағын бизнес субъектілері бар, оларда 1600-ден астам адам еңбек етеді. Бір жыл ішінде олар бес жарым миллион теңгеге жуық сомаға өнім өндірген, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнен 48% артық. Олардың қызметінің арқасында бюджет 15 млн 547 мың теңгеге толыққан.
Әкімдікте ауданның көптеген кәсіпкерлері «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын пайдаланып, оның екінші бағыты бойынша 60 млн теңге сомасына қарызға қаражат алғанын атап өтті. 19 кәсіпкер қаражатты – мал өсіруге, 12-сі тұрмыстық қызметтер көрсету кәсіпорындарын ашуға бағыттаған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 14 жоба бойынша 21 адам жұмыспен қамтылған. Үшінші бағыты бойынша 60 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған, 50 адам жастар практикасына жіберілген және 27 адам кәсіптік оқудан өтуге мүмкіндік алған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды