- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 36 мыңнан астам рұқсат берілді
2016 жылы шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 36 мыңнан астам рұқсат берілді
«Олардың ішінде бірінші санатқа жататыны 2 мың 76 болса (басшылар мен олардың орынбасарлары), екінші санатқа 7 мың 43 тиесілі болып отыр (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). ШЖК тартуға рұқсаттың негізгі бөлігі үшінші (мамандар, 16 мың 811 адам) және төртінші (біліктілікке ие жұмысшылар, 8 мың 542 адам) санаттар бойынша жасалған», - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Өткен жылы, шетелдік жұмыс күшін шақырған 3 мың 768 жұмыс берушіде, 470 мың 398 қазақстандық азамат жұмыс істеп, бұл еңбеккерлердің жалпы санының 94 пайызын құраған.
Еңбек мигранттары келген елдердің ішінде ең алдымен Қытай (12 мың 699 адам), Түркия (3 мың 502 адам), Өзбекстан (1 мың 564 адам), Ұлыбритания (1 мың 474 адам) және Үндістан (1 мың 388 адам) мемлекеттері көзге түседі.
Осы орайда атап өтерлігі, 2016 жылы, ШЖК тартқан жұмыс берушілерде Қазақстан азаматтарына 16 мың 259 жұмыс орны құрылып, кәсіби дайындық пен қайта даярлықтан 1 мың 340 қазақстандық азамат өткен. Сонымен қатар, 5 мың 427 жергілікті жұмысшы мен 11 шетелдік маманның орнын қазақстандық кадрлар басқан.
Еске салсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Бұған сәйкес, жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылып, жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.
Аталған шарттардан босаған жұмыс берушілер, енді салық алымдарын төлеуі тиіс. Салық көлемі, шетелдік жұмыс күшінің санаты мен сала сипатына қарай, 137-250 АЕК арасында белгіленбек, яғни 290 бен 530 мың теңге шегінде.
Дегенмен, жұмыс берушілерге, кадрлардағы жергілікті құрамға байланысты қағидаларды сақтау талабы солай қала береді: басшылар мен олардың орынбасарларында кем дегенде 70%, мамандар мен біліктілікке ие жұмысшыларда кем дегенде 90%.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі