- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: 2016 жылы Батыс Қазақстанда 10 жоба іске асырылған
ИИДМБ: 2016 жылы Батыс Қазақстанда 10 жоба іске асырылған
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, индустрияландыру картасы аясында Батыс Қазақстанда 334 млрд теңге жалпы сомасына 47 жоба іске асырылған.
Осы ретте, 2 700 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 10 жоба өткен жылы іске асырылып, соның арқасында 500-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылған.
Инвестициялардың өсуі 3,5% немесе 395 млрд теңгені құраған. Соның ішінде шетелдік инвестициялар көлемі 18,5% немесе 280 млрд теңгені құраған.
Мемлекет басшысының шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегітапсырмасын орындау үшін бірлескен кәсіпорындар құрылған. Мысалы, ирандық кәсіпкерлермен бірлесіп химия саласында, швейцариялық компаниямен және фин компаниясымен бірлесіп электрмен жабдықтау саласында құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорны ашылған. Бұл кәсіпорындар технологияларды жаңғыртуға бағытталған.
Бұдан бөлек, әкімдіктің хабарлауы бойынша облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсіп келеді. Өңірде 40 мың бизнес-субъект сәтті жұмыс істейді. Осының арқасында бюджетке түсімдер 36% өсіп, 255 млрд теңгені құраған. Батыс Қазақстанда жеке инвестициялар тартыла отырып, 2000 орынға арналған 24 балабақша ашылған. Бүгінде 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 99,7% құрайды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады