• Басты
  • Астанада «Әдебиет порталы» сайтының жаңа нұсқасы таныстырылды (ФОТО)

Астанада «Әдебиет порталы» сайтының жаңа нұсқасы таныстырылды (ФОТО)

11 Ақпан, 2017 15:52
Астанада «Әдебиет порталы» сайтының жаңа дизайны таныстырылды.

«Әдебиет порталы» «Казконтент» АҚ  негізінде Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен құрылды.

«Дизайнның өзгеруі  бірқатар басымдылықтарға ие. Біріншіден, сайттың дизайны қазіргі заманғы  алаңқайлардың стандарттарына сай өзгертілді, оқырмандар үшін оқудың бірқатар тәсілі бар. Екіншіден, кез келген қолданушы  өзінің жеке блогын аша алады, ол әлеуметтік желілерде сияқты пікірін еркін білдіре алады. Үшіншіден, порталдың мобильдік нұсқасы құрылды, ол арқылы кез келген смартфоннан әдеби өмірді тамашалай аласың», - деді интернет жобаның жетекшісі Бауыржан Қарағызұлы.

Оның айтуынша, әдеби портал үш жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Портал отандық рухани өнімдердің сандық форматтағы базасын құру, қазақ, орыс және өзге тілде жазатын қазақстандық қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, жалпы әдеби үдерісті жандандыру арқылы қоғамда биік талғамның, мемлекетшілдік ой-сананың қалыптасуына игі ықпал жасауды көздейді.

«Портал цифрлық форматта жұмыс істейді, қазақ, орыс және өзге тілдерде  жазатын  қазақстандық авторларды насихаттауды көздеп отыр», - деді Б.Қарағызұлы.

Ол айтып өткендей,  қазіргі таңда порталда  4 мың кітап орналастырған.

«3 мың автордың парақшалары бар. «Әдебиет порталы» жасөспірімдер мен  балалар аудиториясын да қамтып отыр. Олар үшін аудиокітап пен энциклопедиялар, ертегілер мен аңыздар бар», - деді ол.

«Қазақстандық әдебиет  қарқынды дамуда. Алаңқайға жас ақын-жазушылардың шығуына жағдай жасау керек.  Бүгін «Әдебиет порталының» ашылуы  жас ақын-жазушыларға ұсынылып отырған жақсы мүмкіндік болып табылады. Осындай алаңқайлар неғұрлым көп болса, соғұрлым шығармашылыққа көп адамды тартамыз», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» заманауи ақпараттық технологиялар жетістігін пайдалана отырып, қазақ әдебиетін насихаттау, оқырмандар мен қаламгерлер арасындағы әдеби байланысты жандандыру, контенттік қолдау көрсету, түрлі шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру миссиясын жүзеге асырып отырған, Орта Азия кеңістігіндегі тұңғыш ғаламторлық бірегей әдеби жоба.

Қайрат Жандыбаев 

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар