- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей сәуірде Байқоңырды дамыту мәселесін талқылайды
Қазақстан мен Ресей сәуірде Байқоңырды дамыту мәселесін талқылайды
Тараптар қорғаныс өнеркәсібі кешені мен аэроғарыш саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
ҚР қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының РФ кәсіпорындарымен әскери техника жеткізу, ҚР қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының базасында өңірлік сервис орталықтарын құрудағы ынтымақтастық мәселелері өзекті болып табылады.
Кездесу барысында қорғаныс өнеркәсібі кешені саласында Бірлескен Ғылым мен технологиялар комитетін құру мәселесі талқыланды.
«Байқоңыр» кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру – кездесудің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Тұжырымдамаға А. Мамин мен Д. Рогозин 2016 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге жұмыс сапары барысында қол қойған.
Тараптар ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық бағыттарындағы Тұжырымдамада қарастырылған іске асыру тетіктері бойынша шешімдер қабылдады.
А. Мамин мен Д. Рогозин 2016-2025 жылдарға арналған «Бәйтерек» жобасын іске асырудың Жол картасын орындау мәселелеріне қатысты пікірлерімен алмасты. Оның аясында Байқоңыр ғарыш айлағындағы жерүсті ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту жоспарланған.
Байқоңыр қаласын дамытудың ортақ ұзақмерзімді бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланды. «Байқоңыр» кешенінің бірегейлігін ескере отырып, Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде ғарыш айлағына туристік бағдарды ұйымдастырудың маңыздылығы туралы айтылды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар биыл сәуір айында Қызылорда қаласында «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық комиссияның бесінші отырысын өткізуге келісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды