- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Жас тұлпар» сыйлығының иегерлері марапатталды
Астанада «Жас тұлпар» сыйлығының иегерлері марапатталды
Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясы «Жас тұлпар» сыйлығын тағайындады. Оған жеті қазақстандық ие болды.
«Нұр Отан» партиясының жаңа саяси Доктринасында «Жастарды отаншылдықтың арқауында тәрбиелеу әрқашанда Қазақстанның табысқа жетуі мен өркендеуінің кепілі болмақ» деп көрсетілген. Сондықтан жастар арасында төл мәдениетті дамыту және отаншылдықты нығайтуға қосқан үлесі үшін тұңғыш рет партия тарапынан «Жас тұлпар» сыйлығын табыстау туралы шешім қабылданды», – деп атап айтты «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
«Жас тұлпар» сыйлығы кәсіби ерен табысы үшін 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға тағайындалады. Сыйлық «Нұр Отан» партиясының «Мирас» мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес жанындағы Сараптау Кеңесі айқындайтын бағыттар бойынша жылына бір рет табыс етіледі.
Жас тұлпар» сыйлығы: Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімін сақтау және нығайтуға; демократиялық мәдениет пен салт-дәстүрді дамытуға; қоғамымыздың мәдени ерекшелігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау және көбейтуге; жаңа қазақстандық патриотизмнің негізін құрайтын құндылықтарға жастарды тәрбиелеу және қазақ тілін, өнері, салт-дәстүрі мен тарихи мұрасын барынша дамытуға үлес қосқан қазақстандықтарға табыс етіледі.
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі қалай жүзеге асып жатыр -
Жаңа оқу жылының магистратура грант иегерлері белгілі болды -
Тұрғын үй құрылыс жинaқ банкінiң «Жас отбасы» бағдарламасының шарттары қандай -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды