• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысына ТМД елдерінен келетін жүк айналымы қаңтарда 7 млн долларды құрады

Маңғыстау облысына ТМД елдерінен келетін жүк айналымы қаңтарда 7 млн долларды құрады

11 Ақпан, 2017 15:46
Маңғыстау облысына ТМД елдерінен келетін жүк айналымы қаңтарда 7 млн долларды құрады, деп хабарлады облыстың мемлекеттік кірістер департаменті.

ТМД елдерінен келетін тауар айналымы қаңтарда Маңғыстау облысының кедендік посттарында бекітілген «Ішкі қолдау үшін шығарылым» үрдісі бойынша  7 млн долларды құрады.

Департаментте хабарлағандай, ең көп үлес Украина (43,5%), Әзірбайжан (32,9%), Өзбекстаннан (19,8%) түскен. Түрікменстан, Молдовадан аз бөлек жеткізілген.

Мәселен, Әзірбайжаннан келген сауда ағыны 2,3 млн доларды құрады. Маңғыстау өңіріне аталмыш елден 24,7 мың доллардың жылқылары жеткізілді.

Барлық жаңалықтар