Талдықорғанда өнеркәсіптік өнімді шығару көлемі 12 млрд теңгеге өсті

13 Ақпан, 2017 09:54
Талдықорғанда өнеркәсіптік өнімді шығару көлемі 12 млрд теңгеге өсіп, 52,0 млрд теңгені құрады, деді Талдықорған әкімі Бағдат Қарасаев халықпен кездесу барысында.

Б.Қарасаевтың айтуынша, өнеркәсіптік  өнімді  шығару  көлемі  12 млрд теңгеге өсіп,  52,0 млрд теңгені  құрады. Облыс басшылығы  қолдауының нәтижесінде «Талдықорған» индустриалды аймағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен  қамтылды.

«Қазіргі таңда 2 зауыт пайдалануға берілді, ол өсімдік майын бөлетін  «Сарқан май» зауыты мен синтетикалық жуу өнімдерін шығаратын «Аманат Казына». Қорытындысында 648,0 млн теңге инвестицияланып, 45 жаңа жұмыс орны ашылды», - деді әкім.

Сондай-ақ, қала басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі  14,0 млрд теңгеден артты, физикалық индекс көлемі 101,9 пайызды құрады.

 

Барлық жаңалықтар