Қарағандыда қолайлы бизнес-ахуал құру мәселелері талқыланды

11 Ақпан, 2017 13:01
Бас Прокурор Ж. Асановтың төрағалық етуімен Қарағандыда Бас прокуратураның көшпелі алқа отырысы өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Онда бизнесті қорғау жөніндегі Жол картасын орындаудың алдағы нәтижелері талқыланды. Облыс әкімдігінің залында 2016 жылы 14 маусымда өткен «Кәсіпкерлік саласында өткен прокуратура қадағалауы» Форумында ұсынылған ұсынымдар бойынша Жол картасын іске аыру нәтижелері мен бизнес үшін неғұрлым өзекті болып табылатын проблемалы мәселелерді шешу жолдары атап өтілді.

Алқа отырысының жұмысына Қарағанды облысының әкімі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың,  «Атамекен» КҰП-нің, бизнес - қауымдастықтарының және кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі өкілдіктердің өкілдері қатысты.

Бас прокуратура  елде қалыпты бизнес-ортасын құру бойынша өткізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.

Отырыста сондай-ақ, уәкілеттік органдардың, аумақтық органдардың жұмыстарындағы кемшіліктер атап өтілді. Қарағанды облысы прокуратурасының қызметтері жеке сынға алынды.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпкерлер фискальдармен болып жататын дауларды соттағы даусыз және үлкен шығыстарсыз  шеше  алатын болататынына назар аударылды.

Бұл үшін салық және кеден даулары бойынша сотқа дейінгі апелляция институты құрылып отыр. Жоспардан тыс тексерістер қысқара түсті.

Бас прокуратураның талықлау қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып, Жол картасы іс-шараларын өзектендіру туралы шешім қабылданды. 

Барлық жаңалықтар