• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы ҚР-да отандық құрылыс материалдар өнімі 80%-ға дейін артады – ҚР ИЖТМ

2014 жылы ҚР-да отандық құрылыс материалдар өнімі 80%-ға дейін артады – ҚР ИЖТМ

13 Желтоқсан, 2013 17:57
2014 жылы Қазақстан Республикасындағы құрлыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту салалық бағдарламасыаясында отандық құрылыс материалдары өндірісі 80 пайызға дейін артады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

«2014 жылы құрылыс материалдарының отандық өнімі, жұмыс істеп тұған өндірістерді жөндеу мен өнеркәсіптік кәсіпкерлік қорларын жөндеу, техникалық қамтамасыз етілу үлесі айтарлықтай өседі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар шығарылатын өнімді номенклатуралауды кеңейтуге, қуат үнемдеу мен тауар сапасын арттыруға мүмкіндік беретін прогрессивті технология мен құрылғыларды енгізу күтілуде. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында үй құрылысы комбинаттарының қызметі мен құрылысиы кеңейту жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның 2010-2012 жылдарға арналған индустрияландыру картасы аясында 16 586 жаңа жұмыс орнын ашқан 154,247 млрд теңгенің 113 жобасы қолға алынған. Ал 2013 жылы 3 179 жұмыс орнын ашатын 135 373 млн теңгенің 42 жобасы қарастырылуда.

 

Барлық жаңалықтар