• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда стационарлық көмекті 900-ден астам медициналық ұйым жүзеге асыруда

Қазақстанда стационарлық көмекті 900-ден астам медициналық ұйым жүзеге асыруда

10 Ақпан, 2017 19:56
Қазақстандағы 901 аурухананың 161-і, 3149 амбулаторлық-емханалық мекеменің 941 жеке меншікте, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

 Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы 288 коммерциялық медициналық ұйым кепілдендірілген тегін медициналық қызмет ауқымы аясында жұмыс істеген.

Бұл мемлекеттік тапсырыстың 28 пайызы. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жеке секторға халыққа мемлекеттік тапсырыс аясында да, сақтандыру аясында да медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беру қарастырылған. Өз кезегінде азаматтарға медициналық мекемені таңдау құқы беріледі. Бұл медициналық қызметтер нарығындағы бәсекені күшейтіп, оның сапасын көтеруі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар қауымдастығы бірлесіп жүргізген сараптама барысында денсаулық сақтау саласында кәсіпкерлікті дамытуға қолбайлау болып отырған ең маңызды кедергілер анықталды. Мысалы, медициналық мекемелердің ғимараттарындағы бөлмелердің ауқымына қойылатын талаптар тым жоғары.

Бұл әлемдік тәжірибеге сай емес, әрі шығындардың негізсіз өсуіне ықпал етеді. Бір-біріне қайшы  келетін құқықтық нормативтік актілер де аз емес. Бизнес-Кеңес барлық мүдделі тараптарға пікір алысу мүмкіндік беретін алаңға айналуы тиіс. Жиналған ұсыныстар денсаулық сақтау саласындағы әкімшілік кедергілерді жоюға арналған шараларды жасақтау барысында ескеріледі.

Бұл үшін Денсаулық сақтауды дамыту республкалық орталығының жанынан заңгерлер мен денсаулық сақтау ұйымдастырушыларынан тұратын құрылым жасақталды. Ол Үкіметтен, медициналық қауымдастықтан, бизнес өкілдерінен түскен ұсыныстарды жүзеге асырумен айналысады.

 

Барлық жаңалықтар