• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы сот-сараптама қызметін әрі қарай жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Елбасы сот-сараптама қызметін әрі қарай жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

10 Ақпан, 2017 15:48
Мемлекет басшысы сот-сараптама қызметін әрі қарай жетілдіруге бағытталған «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жаңа «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына елдің заңнамасын сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар