- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда әкімшілік айыппұлдар мөлшерін төмендету жоспарлануда
Қазақстанда әкімшілік айыппұлдар мөлшерін төмендету жоспарлануда
Министр қазіргі уақытта «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленгенін хабарлады.
«Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Осы заң жобасымен 150-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық құрамдары бойынша айыппұл санкцияларының мөлшерлемелерін төмендету; санкциялары ескерту түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін баптарды ұлғайту; әкімшілік айыппұл сомасын лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты жалпы соманың 30%-ына дейін қысқарту; бұзушылықтарды жою кезінде рұқсат қолданысын мерзімінен бұрын жаңарту тәртібін регламенттеу ұсынылады», - деп түсіндірді М. Бекетаев.
Оның айтуы бойынша, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмалары жоспарлы түрде орындалатын болады. Мысалы, жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында оларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзыретіне беру жоспарланған.
М. Бекетаев атап өткендей, осы өзгерістер мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыруға көшу және жылжымайтын мүлік құқықтары бойынша электрондық мұрағат қалыптастыру процесін едәуір жылдамдатады.
«Бұдан бөлек, министрлік құрамдық бөлігі жылжымайтын мүлік құқықтары бойынша дерекқор болатын «Бірыңғай кадастр» ақпараттық базасын құру мәселесін пысықтауда», - деп қосты министр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды