- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО тұрғындарының 25 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады
ОҚО тұрғындарының 25 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады
Оның айтуынша, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2016 жылы облыс аумағында 4849 түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 550 мыңна астам адам қатысса, оның ішінде ауылды жерлерде ұйымдастырылған 3151 спорттық шараға 362 975 азамат қамтылған. Ал, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 708 884 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 24,7 пайызға жетіп отыр. Ауа-райы қолайлы, қысы жылы болатын өңірде спортпен шұғылданамын деген азаматтарға бүгінде барлық жағдай жасалуда.
Мәселен, 2016 жылы қала, аудандардағы елді мекендерде демеушілер есебінен 52 спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, елді мекендерде жергілікті бюджет, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында және «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында облыс көлемінде жалпы 116 спорт алаңшалары салынды. Шардара ауданы мен Түркістан қаласында спорт кешендері ашылды. Ал, Шымкент қаласында барлық санаттағы азаматтарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін «Жеңіс», «Тәуелсіздік», саябақтары мен «Нұрсәт» шағын ауданы мен «Наурыз» алаңында 4 «Street Workout» спорттық қозғалысына арналған арнайы алаңшалар стандартқа сай салынып, халық игілігіне берілген.
Бұл Елбасымыздың спортқа және бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асып отыр. Бұқаралық спорт - ұлт денсаулығының кепілі. Осы ұстанымды қолдайтын оңтүстікқазақстандықтар мейлінше спортпен шұғылдануға ден қоюда.
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады