- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Канағатов: 2017 жылғы Универсиаданың сәтті өтуі – жемісті жұмыс кепілі
Е.Канағатов: 2017 жылғы Универсиаданың сәтті өтуі – жемісті жұмыс кепілі
«Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық олимпиада комитетінің, студенттік спорт федерациясының қолдауымен жүргізген үлкен жұмыстың арқасында біз осы Универсиадада үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстанда спортты дамыту саясаты жүйелі жұмыстар жүргізуді көздейді және Мемлекет басшысы спортты үнемі қолдап, өзінің Жолдауларында көпшілік спортты дамыту қажеттігін және 2020 жылға дейін барлық халықтың спортпен айналысу көрсеткішін 30%-ға дейін жеткізу міндеті тұрғанын айтады», - деді Е. Канағатов.
Сондай-ақ төраға спортшылардың еңбегі мен жетістіктерін атап өтіп, баспасөз конференциясы барысында олардың кейбіреулеріне алғыс білдірді.
«Біз спортшыларымыздың осы жарыстардағы жетістіктерін мақтан тұтамыз. 2017 жылғы Универсиада қорытындылары енді тарихқа айналды, спортшыларымыздың алдында үлкен міндеттер тұр, басты міндет 2018 жылы Кореяда өтетін Олимпиадада лайықты өнер көрсету», - деді Е. Канағатов.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы Универсиада 29 қаңтардан 8 ақпанға дейінгі аралықта Алматы қаласында өтіп, қазақстандық спорт тарихында ең табысты болды. Студенттеріміз 36 медаль жеңіп алып, медаль есебінде екінші жалпыкомандалық орынға ие болды. Осылайша, қазақстандық спортшылар 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальға ие болды.
Қайрат Жандыбаев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары