• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері бойынша кеңес өткізді

Елбасы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері бойынша кеңес өткізді

10 Ақпан, 2017 14:23
Қазақстан Президентінің төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері жөніндегі кеңес өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңеске Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды.

Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар