• Басты
  • Жаңалықтар
  • М. Ілиясов ҚР Президентінің кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды

М. Ілиясов ҚР Президентінің кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды

13 Желтоқсан, 2013 17:45
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі мен Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды;

Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар