Конституциялық реформа ұзақмерзімді дамудың мақсаттарына сай – елші

10 Ақпан, 2017 15:32
Қазақстан Елшісі Индонезияның журналистер ассоциациясына алдағы конституциялық реформалар мен ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Индонезияның Амбон қаласында өткен Индонезияның баспасөз күні шеңберінде ҚР Елшісі Асхат Оразбай ИР журналистер ассоциациясының мүшелері  алдында билік тармақтар арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу жөніндегі ҚР Президенті үндеуінің және оның Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі қағидалары туралы сөз сөйледі.

Өз сөзінде А.Оразбай Мемлекет басшысы бастама еткен кең ауқымды реформалар саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда Қазақстан дамуындағы жаңа прогрессті қамтамасыз етуге, елдің одан әрі демократизациялануына, мемлекеттік басқару жүйесін және ұлттық экономиканы ел дамуының жаңа кезеңі мен заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайларға бейімдеуге бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ұсынылып жатқан өзгертулер Қазақстан халқымен талқылануға беріліп, мемлекеттің бұрын-соңды болмаған ашықтығы аталып өтілді. Жаңа реформа Қазақстанның ұзақ мерзімді жоспарларына, яғни бес институционалды реформалар мен 2050 жылға қарай әлемнің алдынғы қатарлары 30 мемлекеттер қатарына қосылу мақсатына сәйкес келетіндігі туралы айқын етіп айтылды.

Бұдан басқа, Елші Мемлекет басшысы Жолдауының басты бағыттарын түсіндіріп, Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында барынша қолайлы жағдайларды жасауға бағытталған оның бес басымдылықтарына қатысушылардың назарын ерекше аударды.

 

Барлық жаңалықтар