- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы 100 мың қазақстандық әскери есепке тіркеледі (ФОТО)
2017 жылы 100 мың қазақстандық әскери есепке тіркеледі (ФОТО)
Аталған тіркеу жұмыстары азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, мамандығы бойынша алған білімі мен дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын 1 қаңтардан бастап 1 сәуірге дейінгі аралықта өтеді.
Биыл елімізде жалпы саны 100 000 қазақстандық әскери есепке тіркелуге жатады. Күнде тұрғылықты жері бойынша медициналық куәландырудан өту үшін және әскерге жарамдылық деңгейін анықтау үшін жергілікті әскери басқару органдарына жалпы білім беру орындары мен арнаулы орта білім беретін оқу орындарының оқушылары келеді. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жергілікті басқару органдары бекіткен кестеге сәйкес күніне 100-ден аса адамды қабылдайды.
«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде Қазақстанда биыл 17 жасқа толған азамат әскерге шақыру учаскесіне тіркелуі тиіс.
Ауыр науқасқа шалдыққандар, өз бетінше қимылдау мүмкіндігінен айырылғандар тиісті емдеу-сауықтыру мекемелерінен немесе дәрігерлік сараптама комиссиясының анықтамасын әкелген жағдайда әскерге шақыру учаскелеріне тіркелмейді.
Азаматтардың еңбекке жарамдылығын жоғалтуға байланысты сырқаттанып қалғанда (жарақат алғанда), жақын туысының өлімі немесе қатты сырқаттануына, апат жағдайындағы кедергілер мен басқа да себептерге байланысты әскерге шақыру учаскелеріне шақырған уақытында келмеуіне дәлелді себеп бола алады. Сонымен қатар бұл себептердің бәрі тиісті құжаттар арқылы нақтылануы тиіс.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты